10:48, 18 Наурыз 2023 | GMT +5
Бір күнде 77 адамнан коронавирус инфекциясы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 17 наурызда 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Төрт адам пневмонияға шалдықты.
Одан бір күн бұрын - 98, ал оның алдыңғы күні - 85 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.