Бір күннің ішінде бір топ дәрігер Маңғыстау облысының 190-нан астам тұрғынын қабылдады

АҚТАУ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін көшпелі медициналық кешеннің бір топ дәрігерлері заманауи әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін Жетісай және Мұнайшы стансаларына келді.
None
None

Ауданға келген медициналық бригада тобының құрамында облыстық емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлері мен мамандары - балалар дәрігері, дәрігер-невропатолог, кардиохирург, көз маманы, эндокринолог, гинеколог, проктолог, рентгенолог және басқа да мамандар бар.

Бірінші жарты жылдықта кешеннің дәрігерлері 24 елді мекеннен келген 7 мыңнан астам адамды қабылдады.

Мамандар бір күннің ішінде 193 тұрғынды медициналық тексеруден өткізіп, қабылдады. 161 зертханалық талдау (рентгенография, УЗИ, видеокольпоскопия, тонометрия, электрокардиограммалар) жасалды.

Соңғы жаңалықтар