Бір отбасының 4 мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатқа ұшыраған жеңіл моторлы Cirrus SR22 әуе кемесінің бортында екі ересек адам мен екі бала болған, деп хабарлайды Associated Press.

Бір отбасының 4 мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ Колорадо штатындағы Денверден  батысқа қарай шамамен 270 шақырымда апатқа ұшыраған.Ұшақ Штаттың батысында орналасқан Форт-Коллинс қаласынан Моав қаласына (Юта штаты) бағыт алған.

Апаттың нақты себебі тексеріліп жатыр.