23:01, 08 Желтоқсан 2020 | GMT +5
Бір отбасының 7 адамы уланып қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бір отбасының 7 адамы түтінге уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«Бір отбасының 7 адамы түтінге уланып қалды. Оның 2-і ересек болса, 5-і бала. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, Қызылордада полиция қызметкерлері 17 адамды өрттен аман алып қалды.