14:41, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бір отбасының алты адамы иіс тиіп уланып, қаза болды
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысының аудан орталығы Денисовкада бір отбасының алты адамы иіс тиіп уланып, қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ішкі істер департаменті ақпарат басқармасының қызметкері Сәуле Нұрпейісованың айтуынша, ауылдастарының жағдайларын білуге келген көрші азамат қайғылы оқиға туралы бірінші болып білген. Үйге кірген кезде ол газ пешінен шыққан дыбысты естиді. Газды өшіріп ішке кіргеннен кейін, отбасы иелері - ерлі-зайыпты мен олардың екі ұлы, келіні мен оның атасы көз жұмғанын көреді. Олар пештің дұрыс пайдаланылмауы салдарынан табиғи газға уланып қайтыс болған.