Бір тәулік бұрын суға кеткен балықшының денесі табылды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бір тәулік бұрын суға батып кеткен балықшының денесі табылды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

18 сәуір күні Алматы облысындағы Ащысай ауылының маңындағы Шілік тоғанына батып кеткен 38 жастағы балықшының мәйіті табылды.

Оның денесі судан ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум