Бір тәулікте ел өңірлерінде 3 жас адам суға батып кетті

None
None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бір тәуліктің ішінде республика облыстарында үш адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Алматы облысының Қапшағай қаласында, «Медиум» демалыс аймағында 5 шілде күні сағат 17:00-де Қапшағай су қоймасында суға шомылып жүрген 20 жасар жігіт батып кетті.

 Оның мәйіті судан 17:40-та ҚР ТЖМ-нің Алматы облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техникасы) шығарылды.

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Жартас кентінде 5 шілде күні сағат 16:14-те жасанды су қоймасында шомылу кезінде 26 жасар ер адам суға батып кетті.

Оның мүрдесі судан сағат 17:37-де ҚР ТЖМ-нің Қарағанды облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметінің (4 адам мен 1 техникасы) күшімен шығарылды.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Шағала» демалыс орталығында 5 шілде күні сағат 16:00-де суға шомылу кезінде 30 жастағы ер адам батып кетті.

 Оның мәйіті сағат 16:35-те ҚР ТЖМ-нің Маңғыстау облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметінің (2 адам мен 1 техникасы) күшімен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар