13:08, 22 Наурыз 2023 | GMT +5
Бір тәулікте коронавирус 34 адамнан анықталды – министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен бір тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

22 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде 1 772 адам коронавирустан (коронавирустан (КВИ+) –1 602, коронавирус пневмониясынан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 19 наурызда коронавирус – 36 адамнан, 20 наурызда 70 адамнан анықталған болатын.
