08:56, 28 Желтоқсан 2021 | GMT +6
Бір тәулікте коронавирустан 9 сырқат қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 26 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 9 адам коронавирустан қайтқан. Пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.
Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2 науқас.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.