Бір топ азаматқа "Облыстың құрметті азаматы" атағы берілді

ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысының басшылығы аймақтың дамуына үлкен үлес қосқан бір топ азаматқа "Облыстың құрметті азаматы" атағын беруге шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы шешімімен облыс әкімінің ұсынысы бойынша қабылданды. Осының нәтижесінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген Бердібек Сапарбаев, Бақберген Досмам­бетов, Сағидолла Құбашев, Болат Өтемұратов сияқты қайраткер азаматтарға «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар