12:59, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 21,3 пайызға артты
АҚТАУ. Ақпанның 20-cы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылдың желтоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 137,4 мың теңге болды. Бұл 2007 жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 21,3 пайызға артық.
Атаулы еңбекақы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 9,1 есе, ең төменгі жалақы деңгейінен ? 11,4 есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2008 жылдың желтоқсанында жалдамалы қызметкерлердің жалақысы 2007 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда құрылыс саласында - 37,6, көлік және байланыста 15,8, өнеркәсіпте 26, жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша кәсіпорындарда ? 26,6 пайыз өсті. Атаулы мағынада жалақының жоғары деңгейі көлік және байланыс саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерде сақталды, 176 мың теңге өнеркәсіпте, құрылыс саласында 133,6 мың теңге.
Ең төменгі жалақы - ауыл шаруашылығында - 22,8 мың теңге, ол облыстық орташа деңгейден 6 есе төмен. Сондай-ақ, төмен жалақы білім беру және денсаулық сақтау саласында сақталып отыр ? 36,8 және 40,1 мың теңге. Бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен 3,7 есе төмен.
Өнеркәсіп саласындағы ең жоғары еңбекақы төленетіндер қатарына кен өндіру саласының қызметкерлері жатады. Олардың еңбекақысы 2008 жылдың желтоқсанында 235,7 мың теңгені құрады. Облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы ең жоғары және ең төменгі жалақы деңгейі арасындағы айырма ? 10,3 есе.
Жалақының өсуі Маңғыстау ауданынан басқа облыстың барлық аумақтарында байқалды. Атаулы мағынада ең жоғары жалақы ? Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында ? 151,8 және 140,9 мың теңге және Қарақия мен Бейнеу аудандарында ? 111,9 және 106,2 мың теңге болды. Ең төмен жалақы Маңғыстау ауданында сақталып отыр, 30,9 мың теңге.Облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 2008 жылдың желтоқсанында 115,8 мың адам жұмыс жасады, олардың атаулы жалақысы 143,9 мың теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес айына қарағанда 21,1 пайызға артты.