Бір жыл бұрын жоғалған қария қыстақтан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалған қария табылды. 70 жастағы ақсақал елді-мекеннен шалғай жатқан шаруа қожалығында бақташы болып еңбек еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жыл бұрын жоғалған қария қыстақтан табылды

Қарасай ауданына қарасты Шамалған стансасының тұрғыны былтыр жазда хабар-ошарсыз кеткен. Алайда туыстары полицияға оның жоғалғандығы жөнінде хабар бермеген. Өз еріктерімен іздеу жұмыстарын жүргізген. Ал 70 жастағы қарияның із-түссіз кеткендігі жөнінде мәлімет құзырлы органға  биыл наурыз айында түскен. Бірден Қарасай аудандық ІІБ іздеу жұмыстарына кірісіп, 1947 жылғы азаматты тапты. Жоғалған адам Іле ауданына қарасты шалғай жатқан шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол өз еркімен мал бағып, нәпақасын тапқан. Енді үйінен кетіп қалған қарт жақындарына қайта оралады. Бүгінде ол туыстарымен де кездескен. Жақындарының  сөзінше, ақсақал бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.