Бір жылда елімізде 403,5 мың нәресте дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 қаңтардағы дерек бойынша Қазақстанның халық саны 19 765 004 адам. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259 болса, ауылда тұратындар – 7 556 745 адам. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
None

Бюро ұсынған мәліметке сай, бір жыл ішінде Қазақстанда 403,5 мың нәресте дүниеге келді. Өткен жылы сәйкес кезеңде 450,7 мың бала туған еді. Ең жоғары туу көрсеткіші тіркелген өңір - Маңғыстау облысы. Мұнда 1000 тұрғынға шаққанда 27 сәби туған. Бұл шама Түркістанда - 27, Шымкентте - 26 коэффициентке тең.

Аталған кезеңде елімізде 134,7 мың адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда 1000 тұрғынға шаққанда 11 адам көз жұмды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында да өлім деректері жиі тіркелген.

Ал бір жылда 1 жасқа дейін 3 215 нәресте шетінеді. 1000 адамға шаққанда сәби өлімінің коэффициенті 7,97-ге теңелді.


Соңғы жаңалықтар