Бірде-бір қазақстандық зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ Ыстықкөлдегі автобус апаты жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ыстықкөлде 11 тамыз күні кешке тіркелген автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров апатқа қатысты осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат оннан кейін Тамшы ауылының жанында қазақстандық автобус жол апатына ұшырап, жолдың шетіне ұшып, шығып кеткен. Аталған апаттың салдарынан бірде-бір қазақстандық зардап шеккен жоқ. Өздерінің баратын жеріне басқа автобуспен жеткізіліп, қазіргі таңда демалыстарын жалғастырып жатыр», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен жиыннан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ыстықкөл жағасындағы Чок-Тал ауылында қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, 11 тамыз күні кешкісін жүргізуші жолдағы көліктердің бірінен оза бергенде, автобусты тізгіндей алмай қалған. Автобус «Lexus» жеңіл көлігімен соқтығысып, жолдың шетіне шығып кеткен.


Соңғы жаңалықтар
telegram