20:17, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Бірге тұратын әйелді өлтіріп, өзі асылып қалды - БҚО
ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Орал қаласы аумағындағы «Автодорожник» саяжай қоғамында кеуде тұсынан пышақ сұғылған 26 жасар Н. деген азаматшаның мүрдесі табылды.

БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Әлмұқановтың айтуынша, әйелмен бірге тұратын 1980 жылғы О. деген азаматтың осы қылмысқа тікелей қатысы бары анықталды. Олар бірнеше адам болып бірігіп арақ ішкен. Сол «мейрам» үстінде О. әйелді қызғанып, онымен сөзге келіп, пышақ сұғып алған. Таңертең ғана әйелдің өліп тынғанын аңғарып, өзі әжетханаға барып, асылып қалған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.