Біріккен көліктік-логистикалық компаниясын басқару жұмысы тең дәрежеде жүргізіледі - «Ресей темір жолдары» компаниясының президенті

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Келесі жылда Кедендік одаққа мүше елдердің Біріккен көліктік-логистикалық компаниясы өз жұмысын бастайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Қазақстан - Жаңа Жібек Жолы» атты II халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы аясында журналистерге сұхбат берген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті.

Оның айтуынша, арнайы іс-шараларға сәйкес, Кедендік одаққа мүше елдердің үкіметтері мен теміржол компаниялары деңгейінде тиісті шешімдер қабылдануы тиіс. «Аталған жоспар өткен жылдың басында рәсімделген болатын. Қазір біз барлық шараларды біртіндеп атқарып, Қазақстан, Ресей мен Беларусьтың Біріккен көліктік-логистикалық компаниясын құруға жақындап келеміз. Келесі жылдың бірінші тоқсанында компания толыққанды жұмыс істейтін болады», - деді А.Мамин. Ал «Ресей темір жолдары» компаниясының президенті Владимир Якунин атап көрсеткендей, Біріккен көліктік-логистикалық компаниясын басқару жұмысы тең дәрежеде жүргізіледі.

Айта кетейік, Біріккен көліктік-логистикалық компания - Кедендік одаққа мүше Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің ортақ жобасы. Компания теміржол саласындағы бірыңғай сапа стандарттары мен баға саясатын жүргізіп, жаңа технологияларды қолдану жұмысын бақыламақ. Сондай-ақ, компания үш елдің көліктік дәліздері бойымен инфрақұрылымды дамытуға да баса назар аударатын болады.

Соңғы жаңалықтар