Бірінші лигада «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бірінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында Оралдың «Ақжайығы» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Айбатыр Нұраш

Қазақстандық маман Игорь Прохницкий жаттықтыратын оралдықтар Екібастұзда жергілікті клубпен шеберлік байқасты.

Бірінші таймда «Ақжайықтан» Мейрам Сапанов 30-минутта өз командасын алға шығарса, алаң иелерінен Стнели Нкоби таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде көпке дейін тең нәтиже сақталып тұрды. Тек Завен Бадоянды айып алаңында құлатқаны үшін «Екібастұз» қақпасына пенальти белгіленді. 78-минутта 11 метрлік нүктеден Евгений Кобзарь мүлт кеткен жоқ. Үш минуттан кейін Е.Кобзарь айып добын дәл орындап, матч нүктесін қойды – 3:1.


И.Прохницкий Екібастұзда футболдың жақсы дамығанын, тартысты ойында шәкірттерінің асығы алшысынан түскендігін жеткізді.

Премьер-лигаға шығудан тағы бір үміткер команда – «Тараз» сырт алаңда «Turkistan» клубын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Оралдық клуб енді ел кубогінің 1/8 финалдық матчын өткізу үшін Алматыға аттанады. Онда 19 сәуір күні «Қайратпен» жасыл алаңға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Ақжайық» пен «Елімай» командаларының тең тарқасқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар