23:34, 06 Шілде 2023 | GMT +5
Бірінші лигада «Ақжайық» «Түркістанды» тізе бүктірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 14-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Түркістанды» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тартысты өткен ойында бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде 67-минутта ресейлік Евгений Кобзарь 11 метрлік айып добын дәл орындап, «Ақжайыққа» жеңіс әперді – 1:0.

Бүгін «Академия Оңтүстік» пен «Екібастұз» 1:1 есебімен тең тарқасса, «Жас қыран» «Таразды» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Оралдықтар келесі матчын 13 шілдеде Ақтөбеде «Ақтөбе-Жас» командасымен өткізеді.



