Бірінші республикалық «Қазақстанның үздік ұстаздары - 2012» балы өтеді

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен бірінші республикалық «Қазақстанның үздік ұстаздарының балы» өтеді. 
None
None

Аталған ведомствоның мәліметінше, іс-шара аясында Қазақстанның барлық аймақтарынан келетін 48 «үздік ұстаз» құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен және 1000 АЕК мөлшерінде (1 миллион 618 мың теңге) ақшалай сыйақымен марапатталатын болады.  

Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен үздік педагогтарды салтанатты марапаттаумен басталып, үздік отандық музыкалық ұжымдардың орындауындағы классикалық вариациялардан тұратын музыкалық және би бағдарламаларымен жалғасын таппақ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «мұндай бастамалардың бүкіл деңгейдегі ұстаздардың мәртебесін арттыруға және қоғамда ұстаздардың беделін көтеруге ықпал ететіндігін» атап  өтті.

Соңғы жаңалықтар