Бірінші сынып оқушысын кірпішпен ұрып өлтірген ауыл тұрғыны ұсталды

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бірінші сынып оқушысын кірпішпен ұрып өлтірген күдікті ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

Өткен аптада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылында қараусыз қалған жанар май құю бекетінде бас-ми жарақатын алған бірінші сынып оқушысының мәйіті табылды, оның жанында қан іздері бар кірпіш жатты.

Оқушы бала сабақтан соң үйіне бет алған. Полиция қызметкерлері бекеттің бейне бақылау камерасын қарау барысында қылмыс болған жердің маңайында спирттік ішімдік ішіп тұрған ер кісінің түсіп қалғанын анықтады. Сондай-ақ онда жәбірленуші бала жанар май құю бекетінің жанынан үйіне қарай кетіп бара жатқаны, ал күдікті оның ізіне ілескені көрініп тұрды.

Бүлдіршінді өлтіру фактісі бойынша облыстық неврологиялық диспансерде есепте тұрған 34 жастағы аталған ауылдың тұрғыны құрықталып, абақтығы қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар