Бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің артуына Солтүстік Қазақстан аграршыларының үлесі зор - Н.Назарбаев

СТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарын аяқтай келе, Мемлекет басшысы «Базис-Қызылжар» ЖШС ауыл шаруашылығы алқабымен танысты, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
None
None

ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында егіннің шығымы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту келешегі туралы әңгіме қозғалды. Елбасы атап өткендей, Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға ұлғайған. Бұған өз үлестерін қосуда Солтүстік Қазақстанның аграршылары ерекше рөл атқарды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сапар аясында Мемлекет басшысы жаңа емханада болды, қайта жөндеуден өткен «Қызылжар оранжереясы» ботаника бағының ғимаратын аралап көрді. Өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Президенті «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы аясында 135 жеке тұрғын үй салынып жатқан «Бәйтерек» жаңа шағынауданындағы құрылыс нәтижелерімен таныс болды.

Соңғы жаңалықтар