Бірқатар автобус бағыттарының жүрісі шектеледі - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 желтоқсан күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін, «II Astana Winter Marathon» спорттық іс-шарасының өткізілуіне байланысты автобус қозғалысы Байтұрсынов көшесі бойында (Қошқарбаев - Момышұлы қиылысынан Байтұрсынов - Жүргенов қиылысына дейін) шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
None
None

№ 3 бағдар «Темір Жол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік-Қошқарбаев қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі солға қарай Қошқарбаев көшесіне бұрылады, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 19 бағдар «Тельман т/а» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев-Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 21 бағдар «Темір Жол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік - Байтұрсынұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Тәуелсіздік даңғылымен тура, Қошқарбаев даңғылына оңға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 29 бағдар «Хан Шатыр ойын-сауық орталығы» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев-Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 32 бағдар «Бал-бала балабақшасы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік - Нәжімеденов қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Нәжімеденов даңғылына оңға, А 82 көшесіне оңға, Байтұрсынов көшесіне оңға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 40 бағдар «Клиникалық оңалту кешені» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев - Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

№ 100 бағдар «Халықаралық әуежай» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев - Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.

Соңғы жаңалықтар