Бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен елордадағы «Хан Шатыр» орталығының ашылу салтанаты өтті

nbsp; АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті.
None
None

Атап айтқанда, бұл салтанатты шараны Астанада Түркия Президенті Абдолла Гүл, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонов, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Украина Президенті Виктор Янукович, Армения басшысы Серж Саргсян және басқа да қадірлі меймандар бірге тамашалады.

Ашылу рәсімі сағат кешкі 10-да басталып, еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ халқының мәдениетін, болмысын көрсететін «Көшпенділер» театрландырылған 35-40 минуттық шеру ұйымдастырылды. Осыдан кейін көрермендер назарына ұлттық мәдени орталықтардың би ұжымдары мен балет әртістері дайындаған «Күн адамдары» қойылымы ұсынылды. Бағдарламаның келесі бөлімі Астананың Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен есімі әлемге әйгілі танымал және классикалық әндерді нақышына келтіре орындаушы Андреа Бочелидің концертіне ұласты. «Хан шатыр» орталығының іске қосылуы бағдарламасының кеші жұртшылықты таң қалдырарлық иллюминациялық шоумен және отшашумен түйінделді. Ресми ашылу аяқталғаннан кейін Елбасы қала күнінің құрметіне орай мерекеге келген мемлекет басшыларын, қонақтарды осы орталықта қабылдады.

Айта кетейік, «Хан Шатыр» халықаралық ірі жобалар санатына еніп отыр. Оны әлемге танымал британдық сәулетші Норманн Фостер жобалады. Өткен бес жылдың ішінде орталықты жүзеге асыруға Қазақстан, Түркия, Ұлыбритания, Ресей және Германияның компаниялары қатысты.

Орталық барлығы 7 қабаттан тұрады. Оның ең жоғары қабатындағы аквасаябақта 2 олимпиадалық бассейн және жағажай орналасқан. Тереңдігі 160 см болатын бассейннің жағажайына төселетін құм арнайы шетелден әкелінген. 6-шы қабатта Фитнес орталығы, одан төменгі қабатта SРА салондары мен түрік моншалары, 4 секторда Фастфуд және балаларға арналған ойын алаңдары, одан кейінгі екі қабатта дүкендер мен кино залдар орналасатын болса, орталықтың жер астындағы бөлігінде автотұрақ орын теппек. «Хан Шатыр» орталығы әлемдегі шатыр пішіндес құрылыстардың ең биіктерінің бірі болды.

Соңғы жаңалықтар