Бірқатар өңірде бизнес үшін тартымды емес коммуналдық меншік нысандары сатылмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар өңірде бизнес үшін тартымды емес коммуналдық меншік нысандары сатылмай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, жекешелендірудің бір жарым жылы ішінде 71 млрд. теңгеге 218 нысан сатылған. Оның ішінде 67 нысан жаңа иесін тапса, 63 нысанды заңды тұлғалар-инвесторлар сатып алған. 87 нысанды қазіргі иелері қайта сатып алса, 1 нысан халықтық ІРО арқылы мыңдаған азаматқа сатылған.

«Дегенмен, сатылымға шығарылмаған және сатылмаған нысандар бойынша проблема бар. Негізінен олар бизнес үшін тартымды емес коммуналдық меншік нысандары», - деді Б.Сұлтанов.

Мәселен, оның дерегіне сәйкес Алматы облысында 25 нысанның 3-еуі сатылымға шығарылмаса, 22-сі сатылмаған. Сондай-ақ мұндай нысандар саны Солтүстік Қазақстан облысында - 20, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 12-ден бар.

«Бұл бастапқы сәттен жергілікті атқарушы органдардың тізімді қалыптастыру барысында нашар жұмыс істегендігін білдіреді», - деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар