Бірқатар өңірде үсік жүреді: Сәрсенбіге ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында күн райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Еліміздің солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болжанады. Тек батыста және оңтүстікте жауын-шашын болмайды. Республиканың барлық аумағында жел тұрып, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Бірқатар өңірде үсік жүреді:

- түнде Жетісу облысында 2-7 градусқа дейін;

- Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градусқа дейін;

- Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градусқа дейін.


Соңғы жаңалықтар
telegram