Бірлескен комиссия Қырғызстанға экономикалық көмек көрсету жоспарын жасады - Ө.Шөкеев

БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бішкекте «Ала - Арча» мемлекеттік резиденциясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқарған Қырғызстан экономикасын қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобы қызметінің алғашқы күнінің қорытындылары бойынша брифинг өтті.
None
None

Ө.Шөкеевтің айтуынша, Астанадағы ЕурАзЭС саммитінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан үкіметімен бірлесе отырып Қырғызстан Республикасы экономикасының жандануына көмектесетін кең көлемді бағдарлама мен оның жүзеге асуына арналған ресурстарды іздеу бойынша қазақстандық үкімет тобын құру туралы шешім қабылдаған.

«Жеті мамандандырылған топ құрамында бүгін біз күні бойы қырғыз тарапымен ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқыладық. Біз болжағандай, негізгі мәселелер бюджеттің қалпына келтірілуі мен осы жылдың өзінде оның жоқтығын жабу, банк саласына қатысты болды. Сонымен қатар, елдің оңтүстігіне тиген шығынның қалпына келтірілу мәселелері, қыс мезгілінде энергиямен қамтамасыз ету, су-энергетика балансы, сондай-ақ шекарадағы сауда мен кеден мәселелері де талқыланды», - деді Ө.Шөкеев сәрсенбі күні болған брифингіде.

Оның айтуынша, күннің соңына дейін бірлескен комиссия көмек көрсету жоспарын жүзеге асыру үшін қажетті қаражат мөлшері мен нәтижелерді алады. Қазіргі таңда қажет болып тұрған қаражаттың болжамды сомасы 1 млрд. АҚШ долларын құрап тұр.

«Біз қаржыландырудың негізгі көзін Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕурАзЭС-тың дағдарысқа қарсы қоры сияқты донорлардан көріп отырмыз», деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Қазіргі таңда Қырғызстан мен Қазақстан арасында сәйкес хаттамаға қол қойылып, бір ай ішінде аталмыш шараларды өткізу үшін жүзеге асыру жоспары құралатын болады.

Соңғы жаңалықтар