Бірлескен жұмыстар Қазақстан мен Беларус арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет етеді

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Беларус Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Николай Азаматов басқарған өкілдерімен кездесуі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасы мен Беларус Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың перспективасын талқылау, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық жобалары бойынша нақтылы ұсыныстарды әзірлеу болды. Бұл - Ә.Жақсыбековтың Қазақстанның Қорғаныс министрі жоғары деңгейіндегі алғашқы кездесуі.

 Бүгінде Қазақстан мен Беларус Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық дамып келеді, оған өзара барыс-келіс сапарларының  және әртүрлі жасалған шарттар мен келісімдердің серпіні дәлел.

Соңғы жаңалықтар