16:55, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Бірлестікте жеткіншектерге ұлттық тәрбие бағытында тәлім беріледі
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Байқоңырлық балғындар» қалалық бірлестігіндегі 3000-нан астам оқушы мектептер жанындағы 14 шағын ұйымға мүшелікке қабылданған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық деңгейдегі қоғамдық орталықтармен жүйелі жұмыс жасайтын ұстаздардың бір тобы жергілікті атқарушы билік тарапынан марапатталды. Олардың арасында қазақ мектептеріндегі шәкірттерге ұлттық бағытта тәлім-тәрбие беріп, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосқан Эльмира Өтеуова, Зайра Шүкірова және Айгүл Ідірісова сынды мамандар бар.