«Бірлік партиясының мүшелері «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Бірлік» саяси партиясының мүшелері Маңғыстау облысындағы «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС-да болды. Партиялықтар кәсіпорынның еңбек ұжымымен өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін талқылап, зауыт жұмысымен танысты.

Әңгімелесу барысында партия белсенділері сондай-ақ елімізде нарықтық экономиканы дамыту, әлеуметтік бағдарлы өндірістер мен халықты жұмыспен қамтудың үлес салмағын арттыру қажеттігін атап өтті. Мұның бәрі «Бiрлiк» партиясы жүргізетін саясаттың басым бағыттарының біріне жатады. Пікірлестер өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөледі.

Партияның Маңғыстау филиалының төрағасы Тимур Әбдікәрімов партияның бизнес өкілдері үшін қолайлы әкімшілік, ал ең бастысы - экономикалық жағдайларды туғыза отырып, шағын және орта кәсіпорындардың қажеттілігін кеңейтуді жоспарлайтынын атап өтті. Партия мүшесінің пікірінше, мұның бәрі салық заңнамаларын жетілдіру арқасында мүмкін болады. «Бұл бағыттағы біздің саясатымыз орта тап өкілдерінің қазіргі кезде де және болашақта да қазақстандық қоғамның өзегі болуы тиіс екендігіне келіп тірелетіндігінде» - деп қорытты Т. Әбдікәрімов.

Дегенмен, партиялықтар кездесуде тек экономика туралы ғана айтып қойған жоқ. Жұмысшыларды сонымен бірге сайлауалды бағдарламаның басқа да бағыттары қызықтырды, атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктің экологиялық қызметі туралы көптеген сұрақтар қойылды. Ақтаулықтар өнеркәсіп дамыған Маңғыстау облысының тұрғындары үшін партияның «жасыл» саясатын іске асыру таза орта үшін күресте мықты көмек болар еді деген бірыңғай пікірге келді.

Кездесу соңында партиялықтар зауыт қызметкерлерінің барлық өтініштері мен тілектерін өздерінің әрі қарайғы жұмыстарында ескеру үшін мұқият тыңдады. Ал зауыт қызметкерлері өз кезегінде алдағы болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында «Бірлік» партиясына қолдау көрсетуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар
telegram