«Бірлік» саяси партиясының мүшелері сайлаушыларды қабылдады (ФОТО)

Қабылдау дәстүрлі емес қалыпта өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Болат Байқадамов, Төлеген Қуанышев, Мұрат Раев, Роза Қуанышбаева, Мұрат Қожамқұлов және басқа партия мүшелері екі топқа бөлінді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы мен жұмысы туралы толық ақпаратпен танысуға келген сайлаушыларды қабылдауға арналған жұмыс кабинеті ұйымдастырылды. Партиялықтардың екінші тобы жеке өтініштері бойынша жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.
Табиғатты қорғау тақырыбы астаналық сайлаушыларды ерекше қызықтырды.
Партия мүшелерінің өздері бүгінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс пен оны насихаттау сән емес, өткір қажеттілік екенін атап өтті.
Қабылдау қорытындысы бойынша партия мүшелері келіп түскен барлық өтініштерді қорытып, егжей-тегжейлі талдау және ұсынымдар топтамасын жергілікті атқарушы органдарға жолдау туралы шешім қабылдады.