19:40, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Бирмадағы «керік әйелдер» мекені - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бирманың шығыс аймағындағы биік шоқыда «керік әйелдер елі» бар. Бұл жерде 7 мыңға адам өмір сүреді. Олардың мойындарына 5 жастан бастап жергілікті әйелдер ауыр алқа тағады (дөңгелекке ұқсас жуандығы 1 сантиметр болатын шиыршық), жасы өскен сайын мойнындағы дөңгелектер саны көбейіп отырады, нәтижесінде әйелдердің иық сүйектері өзгеріске ұшырап, кішірейіп, ал мойындары ұзарады. Сондықтан да оларды туристер керік әйелдер» деп атап кеткен, деп хабарлады Day.Az .
Үлкен әйелдерде сақина саны оннан асып, салмағы 4-5 келі болады. Алқаны ара-арасында шешіп, қайтадан тағуына болады.
Ол жақта мұндай алқа таққан керік әйелдер ең сұлу, ең қалаулы, бай да әлеуметтік жағдайы жақсы әйел деп саналады.