Бірнеше адамды өлтіргені үшін 20 жыл іздеуде болған Ресей азаматы БҚО-да ұсталды

және қылмыстық ізге түсу органының өтінішін қолдау нәтижесінде Орал қалалық соты РСФСР ҚК 102-бабы, «з» тармағымен (ауырлататын жағдайда екі не одан да көп адамды өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін Орынбор облысы Первомай ауданы бойынша ішкі істер бөлімімен 1991 жылдан іздеудегі, 1968 жылғы РФ азаматы К.К.Бегерстановты экстрадициялық қамауға алуды санкциялады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта 1993 жылдың 22 қаңтарындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенцияның (Минск конвенциясы) талаптарына сәйкес, облыс прокуратурасы аталған қылмысты жасаған К.Бегерстановты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясына тездетіп жолдауға материалдар дайындады.