Бірнеше алпауыт корпорация Орталық Азиядағы филиалдарын Қазақстанға көшірмек
«Біз трансұлттық корпорацияларды үздік инвестициялық орталық ретінде Қазақстанға тартудамыз. Бірқатар келісімдер барын айта кетейін. Алдын ала аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйын. Бірнеше корпорация бар. Көрші елдердегі ахуалды ескере отырып, олар филиалдарын Қазақстанға көшірмек. Олар өздерінің кеңселерін Қазақстанда ашып, барша Орталық Азия аумағында қызметтерін жүзеге асыруды жоспарлауда. Оның үстіне, ол компаниялар біздің әлеуетті салалар бойынша емес, жоғары технологиялар саласында», - деді ол.
«Сол себепті біз шетелдерде форумдарды өткіземіз. Ел ішінде де қыруар жұмыстар жасалатын болады. Қаржылық орталық құру мақсатында бірқатар елдер үшін визасыз режим енгізілді», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, Елбасы өзінің «100 қадам» Ұлт жоспары реформаларында экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - «Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде тапсырма берген болатын. Онда шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режімін қалыптастыруды да қосымша жүргізу тапсырылды.