Бірнеше өңірде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше өңірде өзен деңгейі көтерілуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше өңірде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 5-6 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 6 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде күшті жел тұрып, солтүстік-бастыстан секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел ұйытқуы мүмкін. Жекелеген аудандарда тұман түсіп, нөсер соңы бұршаққа ұласады. Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа, түнде 10-15 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кей жерлерде темпертура 18 градус деңгейінде сақталады. 5 маусымда Қостанай облысында да ауа температурасы 2-7 градусқа дейін түседі. Ауа райы бұзылуының ықтималдығы- 85-90%» - деді комитет өкілі бүгін ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бірнеше облыста толассыз жауын әсерінен өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

«Бұл «Қазгидрометтің» 3 маусым күнгі мәліметі. Ал 4 маусым күнгі ақпарат бойынша, 5-7 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысында, 6-7 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін» - деді Владимир Беккер.