15:51, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Бірнеше сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен коронавирус табылса, мектеп жабылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірнеше кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен коронавирус анықталса, онда мектеп жабылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталатын болса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдер және инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, содан кейін зертханалық тексеру жүргізіледі.
«Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныпқа сабақ берген мұғалімдерден анықталса, онда аурудың одан ары таралуына жол бермеу мақсатында мектеп толық жабылуы мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетов.