«Біртұтас Ресей» Қазақстанның дағдарысқа қарсы тәжірибесін жоғары бағалады - СИТИ-FM радиосы

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Бүгін СИТИ-FM радиосының эфирінде Мемлекеттік Думаның қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы, «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі Михаил Гришанков дағдарысқа қарсы шаралар бойынша ресейлік кәсіпкерлердің ұсыныстары туралы айтып берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат СИТИ-FM радиосына сілтеме жасап. «Ресей кәсіпкерлері ақпанның 25-і мен 26-сы аралығында ұйымдастырған іс-шараларға ? «Бизнестің дағдарысқа қарсы кеңесі» конференциясына және Интерфакстағы оның қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатына ? Қазақстаннан келген өкілдер ? шағын және орта бизнесті біріктіретін партиялардың басшылары қатысты. Олар бұған дейін бір жарым жыл бұрын көптеген іс-шараларды іске асыруды қолға алды ? дағдарыс оларда сәл бұрынырақ басталды. Қазір Үкімет бизнестің қай бағыты тезірек дамитынын бажайлап шапшаң қимыл жасауда, Салық Кодексін шапшаң ауыстыруда. Яғни басқа елдердің тәжірибелеріне, ең алдымен Қазақстанның тәжірибесіне біздер жете назар қойып қарауымыз керек. Қазақстан 2008 жылы енгізген тексеруге қойылған мораторий қазір жалғастырылуда. Біздер де осылай жасауымыз керек. Біздер тексерулердің санын барынша азайттық, бірақ әлі күнге дейін бизнеске «тізесін батыруды» жалғастырып отырғаны жасырын емес», ? деді М.Гришанков.
Соңғы жаңалықтар