Бірыңғай еуропалық мәдениеті бар бірыңғай еуропалық мемлекет құрылмайды - ресейлік сарапшы

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бірыңғай еуропалық мәдениеті бар бірыңғай еупропалық мемлекет болмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы Х Еуразиялық медиа форумында «НИГ» тәуелсіз баспа тобының бас директоры және бас редакторы Виталий Третьяков (Ресей) мәлім етті.

 «Мультимәдениліктің мәні «мульти» сөзімен қоса ,«мәдениет» деген сөзді қамтып отыр. Алайда, мәдениет өте қарапайым түсіндіріледі, яғни халық билері, халық әндері, сондай-ақ баршаларында жазушылар әртүрлі болуы мүмкін. Ағылшындықтын, болмаса парсылықтың кітабын оқуға болады. Бар болғаны сол. Мәдениет сонымен қатар этникалық қылмысты да қамтиды»,-деп пайымдады В. Третьяков.

Оның сөзінше, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бөтен мәдениетті өз елінің аумағына енгізу кезінде әр мемлекет бөтен жақтың этникалық қылмысына тап болады. Осы орайда мысал ретінде ол АҚШ-тағы итальяндық мафияны тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар