Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидатты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарғат ұрғын үй бөлу міндеті тұр», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар