Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі оң нәтиже беріп отыр - БҚО

Оның айтуынша, медицина саласын реформалау 2010 жылдың қаңтар айында басталғаны белгілі. Денсаулық сақтау саласының реформалануы одан әрі «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан өз жалғасын табады.
Халықтың денсаулығын сақтауды дамытуда бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі өз нәтижесін берді. Біріншіден, бұл жүйедегі «Пациентке қаржы ере жүреді» деген қағида медициналық қызметтің сапасын жақсартты.
2010 жылға дейін аймақтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тек республикалық институттар мен клиникалар деңгейінде ғана маңыздылығы ескерілсе, бүгінгі күні бұл салаға ерекше мән беріліп, аталмыш көмек тізбесі бекітілді және оны жүзеге асыру мақсатында жергілікті медициналық ұйымдарға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуы қолжетімді болды. Өткен жылы 103 пациентке эндопротез, аортокороналды шунттау, стенттеу және қатерлі ісіктерге күрделі оталар жасалып, нейрохирургия, травматология бөлімдері халыққа сапалы медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар стационарларда ерте оңалту емі және медициналық қалпына келтіру технологияларын енгізу бойынша қаржыландыруды 4 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік болды. Өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда 62014 пациент оңалту емінің көмегін алды. Бұл пациенттердің жұмысқа ерте шығуына, мүгедектікті азайтуға үлкен әсерін тигізді.
Дәрі-дәрмектердің бірыңғай дестьюбитер арқылы сатылып алынуы 100 пайызға жетіп, жергілікті жердегі сұранысты арттырды. Бұның басты себебі - дәрі-дәрмектердің сапалы болуы. Сондай-ақ оның бір жерден сатылып алынғаны да ел ішінде сенім тудырып отыр.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін БМСК (бастапқы медициналық-санитарлық көмек) ұйымдарына енгізудің маңызы зор. Атап айтқанда, БМСК-ны дамыту осы бөлімдегі медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттырады және облыстың әр тұрғынын аймақтық қағида негізінде нақты ақпараттық жүйеге оңтайлы бекітеді.
БМСК медициналық қызметкерлерінің еңбек ақысына бекітілген тұрғындардың индикаторлар нәтижесіне байланысты және ынталандырушы компонент негізінде денсаулық сапасына қарай қосымша төлем төленеді.
«Біз әрқайсымыз «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын бір кісідей қолдауға, халықтың салауатты өмір сүруіне, ұрпақ денсаулығының мықты болуына үлесімізді қосуымыз қажет. «Басты байлық - денсаулық» - деп дана халқымыз тектен-тек айтпаса керек. Жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыруға, жасөспірімдерді тәрбиелеуге түрлі ведомстволар мен секторлар өзара бірлескен жұмыстарын күшейтіп, әр отбасы оң нәтижеге жету үшін жауапкершілікті сезінулері тиіс», - деді М.Аймұрзиева.