Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты партиялық бақылау бекеттері ашылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елімізде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты партиялық бақылау бекеттері ашылуда.
None
None

Бұл туралы қаңтардың 13-інде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында өткізілген отырыста айтылды.

Облыстық филиал партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Аққали Әубекеровтің айтуынша, мұндай бекеттер барлық аудандар мен елді мекендерде, сондай-ақ Орал қаласында жеті жерде құрылуда. Мақсат - халыққа медициналық қызметтің сапалы да дер кезінде көрсетілуін қадағалау.

Аталмыш жүйенің енгізілуіне орай бірінші кезекте атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева баяндап берді. Бұдан кейін жиынға қатысушылар №3 қалалық емхана жанында ашылған партиялық бақылау бекетінде болды. Мұнда тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын салатын арнайы жәшік қойылған.

Соңғы жаңалықтар