Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активін Ұлттық банк басқарады

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активін Ұлттық банк басқаратын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын таныстыру барысында мәлім болды.
None
None

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің айтуынша, зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасымен Қордың зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкі Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бекітілген инвестициялық стратегияға сәйкес басқаратын болады.

«Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде қызмет етеді. Бұл ретте кеңес ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық банкінің өкілдерінен, қаржы нарығына қатысушылардан және тәуелсіз сарапшылардан тұратын болады. Бұл ретте аталған Кеңестің дербес құрамы ҚР Президентімен бекітілетін болады»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар