Биржада доллар 2 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасы нарығындағы сауда-саттық аяқталды. 

Биржада доллар 2 теңгеге арзандады
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 537,91 теңге болып, 2,11 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 5 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы — 540,05 теңге.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 538,37 теңгеден сатып алып, 540,17 теңгеден сатып жатыр. Еуро 622,75 - 631,44 теңге, ал рубль 6,53 - 6,65 теңге аралығында.

Астанада америкалық валюта 536,01 теңгеден сатып алып, 541,01 теңгеден сатып жатыр. Еуро 623,01-633,01 теңге, ал рубль бағамы 6,57–6,67 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар орта есеппен 537,56 теңгеден сатып алынып, 540,56 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 625,44-630,14 теңге шегінде, рубль 6,59-6,66 теңге көлемінде.

Айта кетейік, 4 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,05 теңге болып, 0,09 теңгеге төмендеген еді.

Ал 3 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,18 теңге болып, 0,55 теңгеге өсті.

Соңғы жаңалықтар