Биржада доллар бағамы сәл нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасы нарығындағы сауда-саттық аяқталды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 536,76 теңге болып, 1,67 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 9 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 535,13 теңге.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 537,55 теңгеден сатып алып, 539,48 теңгеден сатып жатыр. Еуро 629,51–633,66 теңге, ал рубль 6,38 - 6,51 теңге аралығында.
Астанада америкалық валюта 536,00 теңгеден сатып алынып, 541,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 627,00-637,00 теңге, ал рубль бағамы 6,40–6,55 теңге аралығында.
Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар орта есеппен 535,92 теңгеден сатып алынып, 538,96 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 625,96 – 631,36 теңге шегінде, рубль 6,40-6,50 теңге көлемінде.
Айта кетейік, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 535,13 теңге болып, 2,64 теңгеге арзандаған еді.