Биржада доллар бағамы тағы 4 теңгеге өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,19 теңгеге өсіп, 479,82 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 475,31 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 476,01 теңгеден сатып алынады, 483,01 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 553,01 теңге, сату – 563,01 теңге;
– рубль: сатып алу – 6,00 теңге, сату – 6,40 теңге.
– юань: сатып алу – 68,26 теңге, сату – 74,32 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 476,93 теңгеден сатып алынады, 479,64 теңгеден сатылады. Еуро 556,93 – 562,80 теңге, ал рубль 6,05 – 6,19 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,46 теңгеден сатып алынады, 72,46 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 8 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 12,32 теңгеге өсіп, 475,31 теңге болды.