Биржада доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды.
                                              Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге қымбаттап, 541,18 теңге болды. Ұлттық банктің 15 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 540,84 теңге.
Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 539,69 теңгеден сатып алынып, 541,59 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 633,86 – 638,10 теңге аралығында, рубль 6,38-6,51 теңге шамасында.
Ал Астанада долларды 537,37 теңгеден сатып алып, 542,37 теңгеден сатып жатыр. Еуро — 631,29-639,31 теңге. Рубль бағамы — 6,40-6,60 теңге.
Шымкентте доллар 540,10 теңгеден сатып алынып, 543,12 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 631,48-636,40 теңге аралығында, рубль — 6,41-6,50 теңге.
Еске салайық, 12 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге қымбаттап, 540,84 теңге болды.