Бішкек-Ош тасжолында қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы шектелді

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-да Жалал-Абад облысы Тоқтоғұл ауданында Бішкек-Ош тас жолының 223-шақырымында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкек-Ош тасжолында қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы шектелді

ТЖМ хабарлауынша, қар массасының көлемі анықталып жатыр.

«Қазір бір күн бұрын қар көшкіні басып қалған Бішкек-Ош тас жолының 231-шақырымындағы учаске тазартылды. Жол жұмысшылары мен арнайы техника 223-шақырымға аттанды», - делінген хабарламада.

Қар көшкіні салдарынан Шу облысындағы «Сосновка» және Жалал-Абад облысындағы «Арал» бекеттері жабылды. Барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.

Фото: kabar.kg