08:00, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Бішкекке ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа келеді
БІШКЕК. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжаның бастауымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының делегациясы жұмыс сапарымен Қырғызстанға келеді.
Делегация құрамында сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков, ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия Іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары Иван Поляковтар бар.
Жұмыс сапарының барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа 15-16 ақпан күндері Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен, Қырғызстанның вице-премьер-министрі Шәмил Атахановпен, Қырғызстан Республикасы Жоғаргу Кенешінің спикері Ақматбек Келдібеквпен кездеседі.