Бішкекте 6 мемлекеттің өкілдері ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылауда

БІШКЕК. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін қырғыз астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің (ҚКХК) кезекті отырыстары басталды.
None
None

ҰҚШҰ-ға енетін 6 мемлекеттің өкілдері ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, лаңкестікпен, экстремизммен және трансшекаралық қылмыспен күресті қоса алғандағы қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы тұру бойынша шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылауда.

Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында бірлескен бітімгерлік операцияларына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. ҚКХК отырысында 2014 жылға жоспарланған Қауіпсіздікке қолғабыс ету халықаралық күштерінің (ISAF) негізгі әскери контингенттерін Ауғанстаннан шығару жоспарына байланысты қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы тұру бойынша шараларды жүзеге асыру мәселеріне ерекше назар аударылған.

Жиынға қатысушылар Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саясаты, қорғанысы, қауіпсіздігі бойынша бірқатар құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар