Бішкекте еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

БИШКЕК. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Кульшманов/ - Бішкекте Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті Алмасбек Атамбаевтың кездесуі өтті.
None
None

Кездесу барысында тараптар екі жақты әріптестіктің келешегін талқылады.

Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінің атынан Алмазбек Атамбаевты қызметіне кірісуімен құттықтады.

К.Мәсімов екі жақтың Үкіметі жақсы жұмыс істегендерін және де әрі қарай әріптестіктің жалғаса беретіндігіне үмітті екенін атап өтті.

Алмазбек Атамбаев өз кезегінде, жылы лебізі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жеткізуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін К.Мәсімов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар