Бішкекте халық әртісі Мұхамбет Тоқтобаев жол апатынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте жол апатынан халық әртісі Мұқамбет Тоқтобаев мерт болды, деп хабарлады КирТАГ Бішкек ҚІІБ ЖПҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Шамамен сағат 14:00-де Достоевский мен Анкара көшелерінің қиылысында Opel Zafira көлігі М. Тоқтобаевты қағып кетті», - делінген хабарламада.

Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

«Жүргізуші қашып кетпей, құқық қорғау органы қызметкерлерін күткен, көлік айыппұл тұрағына қойылды», деп қосты ведомстводан.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар